Accessibility links

Еуроодақ халқының 54 пайызы дерлік интернетке үйінен қосыла алады


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағына жататын елдердегі отбасылардың тең жартысы Интернет желісіне өз үйінен қосыла алады. Ол туралы Еуроодақтың статистика мекемесінің жаңа баяндамасында айтылады. Оның дерегі бойынша, Еуроодақ халқының 54 пайызы Интернетке қосылған, ал жыл басынан бері олардың қатары 5 пайызға өскен. Бірақ кейбір жекелеген елдің арасындағы айырмашылық тым үлкен: мысалға Голландияда тұрғындардың 80 пайызы Интернетке қосылған болса, Болгарияда халықтың тек 20 пайызы ғана Интернетке үйінен шыға алады.
XS
SM
MD
LG