Accessibility links

Косово өлкесі Сербиядан тәуелсіздігін өз бетінше және біржақты жариялауы мүмкін


БЕЛГРАД-ПРИШТИНА: Халықаралық делдалдардың миссиясы Косово өлкесінің мәртебесі бойынша келіссөздің барысы туралы баяндаманың жобасымен таныстыру үшін Белград пен Приштинаға барады. Бұл құжат 10-ыншы желтоқсан күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде тыңдалады. Делдалдардың құрамындағы Еуроодақтың өкілі Вольфганг Ишингер хабарлағандай, баяндамада осы проблеманы шешудің нақты жолы көрсетілмейді, 4 айцға созылған келіссөздің барысында әр жақтың айтқан ұстанымдары тізілген. Ишингер атап көрсеткендей, ымыраға келудің еш мүмкіндігі қалмады, Косово өз бетінше тәуелсіздігін жариялауы да мүмкін. Косово өзіне тәуелсіздік берілуін талап етспе, Сербия оған тек кең автономия беруге ғана келіседі.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG