Accessibility links

Пентагонның басшысы Ауғанстандағы қантөгістің өсе түскеніне алаңдайды


КАБУЛ: Ауғанстанда кеше болған жарылыстан 4 кісі қаза болып, тағы бірнеше адам жараланды. Ауғанстанның батысындағы Немроз облысында жанпидашыл-террорист полиция кеңсесінің маңында өзін-өзі жарып жіберді. Қаза тапқандардың арасында 2 полицей болды. Осы күні Кабулға АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс келіп тоқтады. Ауғанстан басшылығымен арадағы келіссөзінде ол терроризмге қарсы соғыс қимылдарының барысын, сондай-ақ АҚШ әскерінің тәліптерге қарсы әуеден берген соққысының салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болуы мәселесін талқылайды.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG