Accessibility links

Ресейдегі парламент сайлауына деген ішкі және халықаралық наразылық артып барады


МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин жексенбідегі парламент сайлауына байланысты өсіп келе жатқан ішкі және халықаралық наразылықты қабылдамады. Өзінің “Единая Россия” партиясы үлкен басымдықпен жеңіске жеткен парламент сайлауының ертеңіне В.Путин Мемлекеттік Дума сайлауының нәтижесін “заңды” деп бағалады. Оның алдында Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары Ресейдегі сайлауды “демократия стандартарына лайық болмады” деп бағалап, өткір сынға алды. Еуропа Одағы мен АҚШ сайлау барысында айтарлықтай заңсыздықтарға жол берілгені туралы хабарға алаңдаушылықтарын білдірді. В.Путиннің “Единая Россия” партиясы Думадағы 450 депутаттық мандаттың 315-іне ие болса, қалған мандаттарды Ресей компартиясы мен либералдық-демократиялық және “Справедливая Россия” партиялары бөлісті.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG