Accessibility links

2010-ыншы жылға қарай Астанада тағы бір зәулім ғимарат бой көтереді


АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев республиканың 2010-ыншы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуына байланысты ел астанасы – Астана қаласында осы жылғы саммиттің барысында ұйымға мүше 56 мемлекеттің делегациялары орналасып, мәжіліс өткізе алатын ғимарат тұрғызуға тапсырма берді. Ол тапсырма Астана қаласының әкіміне жүктелді. Президенттің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, өткен дүйсенбі күні Н.Назарбаев осы проблеманы және астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін Астана әкімі А.Маминмен талқылады.
XS
SM
MD
LG