Accessibility links

Иран АҚШ Барлау агентігінің есебін қоштады


Иран Құрама Штаттардың барлау агентігінің Техран халықаралық қысымға байланысты ядролық бағдарламасын 2003 жылы тоқтатқан деген хабарын оң қабылдады. АҚШ-тың Ұлттық Барлау агентігі сонымен қатар АҚШ президенті Джордж Буш әкімшілігі осыған дейін мәлімдеп отырғандай, Иран ядролық қаруды қарқынды дамытып отырған жоқ деген тұжырым жасаған. Бүгін Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки осылайша Құрама Штаттардың көзқарасы шынайылыққа келе бастады деген. Ақ Үймен қатар Британия және Германия ол хабарлама халықаралық қауымдастықтың Техранға БҰҰ-ның санкцияларымен қысым жасау стратегиясын ақтап отыр деген. Бұған қатысты, бүгін Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт журналистерге былай деген:

“Баяндамаға сәйкес, 2003 жылы Иранда ядролық қару бағдарламасы болған. Бұл әлбетте, алаңдаушылыққа негіз бола алады, американың және біздің ұстанымымыз Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін бірге әрекет етуді жалғастыруымыз керек”.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG