Accessibility links

Қазақстан оппозициясы ЕҚЫҰ-ның шешімін сынады


Қазақстан оппозициясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстанға 2010 жылы төрағалық беруде, демократиядан бұрын мұнайды алға қойды деп айыптап отыр. Өткен аптада Қазақстан елдегі адам құқықтары жағдайы мен демократиясына байланысты айтылған сындарға қарамастан, ЕҚЫҰ-на жылдық төрағалықты алған болатын. Оппозициялық Нағыз Ақ Жол партиясы өзінің мәлімдемесінде, ЕҚЫҰ-ның шешімі энергетикалық саясатымен дипломатиялық компромиске келіп отыр деген. ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлаулар үнемі бұрмаланып, әділ өтпейді деп келген.
XS
SM
MD
LG