Accessibility links

Украина парламентін “қызғылт-сары коалицияның” өкілі басқаратын болды


КИЕВ: Кеше Украинада Жоғарғы Раданың спикері болып Арсений Яценюк сайланды. Президент В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина - Народная Самоборона” блогының өкілі Яценюк – осы лауазымға ұсынылған жалғыз үміткер болды. Оны соңғы парламент сайлауында жеңіске жеткен “қызғылт-сары коалиция” ұсынды. Өзге парламенттік фракциялар ешкімді ұсынбады. Спикерді сайлауға 226 дауыс қажет болса, Яценюкті 227 дауыс қолдады. Дауыс беруге дейін сөйлеген сөзінде А.Яценюк Ю.Тимошенконы премьер-министр етіп тағайындауды президент В.Ющенкоға мейлінше тез ұсынуға сөз берді.
XS
SM
MD
LG