Accessibility links

Дж.Буштың Иранды айыптауы – барлау мәліметі шыққан соң - жалаң сөзге айналды


ВАШИНГТОН-ТЕҺРАН: АҚШ президенті Дж.Буш Иранның ядролық бағдарламасынан әлі қауіп бар деп есептейді және Иранның ядролық қару бағдарламасынан 4 жыл бұрын бас тартқаны туралы АҚШ-тың барлау агенттігінің жаңа баяндамасына қарамастан, Теһран ядролық қару жасауға жетерлік уранды байыта алады деп мәлімдеді. Кеше Вашингтонда Дж.Буш ұлттық барлау агенттігінің тың мәліметі Иранның ядролық бағдарламасын бүкіл әлемнің назарынан тыс қалдырмауға тиіс деген ескерту жасайды деп мәлімдеді. Ал Иранның келіссөз жүргізуші ресми өкілі Саид Джалили АҚШ-тың барлау агенттігінің әрбір тың мәліметі Теһранның ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатты көздеп келгенін дәлелдей түсетінін атап көрсетті.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG