Accessibility links

ЕҚЫҰ Өзбекстандағы президент сайлауында шынайы бәсекелестік жоқ деп санайды


АЛМАТЫ: Кеше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы осы айда өтетін президент сайлауының қарсаңында демократиялық бостандықты шектеді деп Өзбекстанды өткір сынға алды. Еуропалық ұйымның Өзбекстандағы ахуалмен танысқан сарапшылар тобының жаңа есебінде айтылғандай, президент сайлауына бірнеше үміткердің тіркелуіне қарамастан, Өзбекстанда шынайы саяси бәсекелестік жоқ. Сонымен қатар жаңа есепте Өзбекстанда оппозиция өкілдері мен сөз бостандығын қудалау саясатының әлі жалғасқанын атап көрсетеді.
XS
SM
MD
LG