Accessibility links

Мұнай экспортын ұлғайту мәселесі бойынша ОПЕК-тің ішінде ауызбірлік жоқ


АБУ-ДАБИ: Мұнай өндірісі мен экспортының көлемін ұлғайту мәселесін талқылау үшін мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ОПЕК ұйымы бүгін Абу-Даби қаласында жиналады. Өткен айдың соңында 1 баррель шикізаттың бағасы 100 долларға тақаған соң ОПЕК картеліне мұнай экспортының көлемін ұлғайтуды талап еткен қысым жасалды. Картельге мүше 13 елдің ішінде өндіріс көлемін ұлғайту мәселесі бойынша ортақ пікір жоқ. Сондықтан Абу-Дабидегі жиынның қандай нәтиже беретінін болжау қиын.
XS
SM
MD
LG