Accessibility links

АҚШ-тың “Эксон” компаниясы өзінің үлесін “ҚазМұнайГаз”-бен бөліскісі келмейді


АСТАНА: “Эксон” компаниясы “Қашаған” жобасындағы өзінің үлесін “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына беруге келіспеді. Кеше Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар министрі С.Мыңбаев осылай деп мәлімдеді. Одан бұрын “ҚазМұнайГаз” компаниясы Қашаған консорциумымен арада түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойғанын хабарлаған болатын. Оған сәйкес, консорциумның біреуінен басқа мүшелері толығымен “ҚазМұнайГаз”-ды ірі үлескер ету үшін Қашағандағы үлесінің бір бөлігін қазақ компаниясына беруге түпкілікті келісті. С.Мыңбаев мәлімдегендей, келіспегені “Эксон” компаниясы болып шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG