Accessibility links

“ҚазМұнайГаз” Румынияның мұнай компаниясын сатып алу ісін толық аяқтады


АСТАНА: “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы Румынияның “The Rompetrol Group N.V.” мұнай компаниясының 75 пайыздық акцияларын сатып алған келісімді толық аяқтады. “ҚазМұнайГаз”-дың баспасөз-қызметі таратқан хабарда айтылғандай, 19-ыншы қараша күні Еуропа Комиссиясы румын компаниясының сатылуын мақұлдады, ал “ҚазМұнайГаз” өзінің қаржылық міндеттемесін толық орындады. Қазір қазақ компаниясы “The Rompetrol Group N.V.” компаниясының 8 мүшеден тұратын директорлар кеңесін тағайындап, “ҚазМұнайГаз”-дың вице-президенті Данияр Берлібаев оның төрағасы, ал Дину Патричиу – Бас директоры болып белгіленді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG