МӘСКЕУ: 1 аптаның ішінде Мәскеукде Би-Би-Си телерадиокомпаниясының 3 қызметкері соққыға жығылды. Ағылшын телерадиокомпаниясының Мәскеудегі Бюросынан хабарланғандай, 24-інші қараша күні Ортаазиялық қызметтің тілшісі Давлат Құдратты біреулер дүрелеп кетті. Қаскүнемдер нәсілшіл үндеулерді дауыстап бас салған. Келесі күні Би-Би-Си-дің тағы бір қызметкері Михаил Денисовты таяққа жығып, тонап кетті. Тағы бірнеше күн өткен соң – 30-қараша күні – Евгений Демченко соққыға жығылды. Би-Би-Си корпорациясы осындай қастандықтарға алаңдап, ресми биліктен шара қолдануын өтінді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?