БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағының еңбек министрлері Одақ елдеріне 48 сағаттық жұмыс аптасын енгізу мәселесі бойынша тағы да келісімге келе алмады. Кеше Брюссельдегі болып өткен кездесудің барысында министрлер күніне толық 8 сағат жұмыс істемейтіндердің құқы бойынша да ортақ пікірге келмеді. Атап айтқанда Ұлыбритания 6 апталық жұмыстан кейін күніне 4 сағат жұмыс істейтіндерге тұрақты жұмыс істейтіндерге тең құқық беруге қарсы шықты. Биыл Еуроодаққа төрағалық ететін Португалия осы 2 мәселені талқылау 2008-інші жылы жалғасатынын хабарлады.