Accessibility links

Түркіменстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы кеңейе түседі


АНКАРА-АШХАБАД: Кеше Түркия президенті Абдулла Гүл Анкара мен Ашхабад арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Түркіменстанға ұшып шықты. Жолға шығары алдында әуежайда А.Гүл Ашхабадта болатын 2 күндік сапарының барысында екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейтуге бағытталған бірнеше келісімге қол қойылатынын хабарлады. Қандай келісімдерге келетінін ол нақты айтпады. Өткен шілде айында ресми Анкара Теһранмен арада Иран мен Түркіменстанның табиғи газын Еуропаға тасымалдау туралы бастапқы уағдаластыққа қол қойған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG