Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі сапарда жүргенде де Ирақта қантөгіс толастамай қойды


БАҒДАД: АҚШ қорғаныс министрі Р.Гейтс Ирақта саяси тұрақтылық пен демократия орнатуға мүмкіндік бар деп есептейді. Бағдадқа күтпеген жерден ұшып келіп, Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен өткізген келіссөзінен кейін Р.Гейтс осылай деп мәлімдеді. Ал онымен қарама-қатар кеше Ирақта бірнеше дүркін террорлық шабуыл жасалды. Бағдадтың өзінде болған жарылыстан кем дегенде 14 адам мерт болып, 30 шақты кісі жараланды. Баакуба мен Мосул қалаларында тағы кемінде 8 адам қаза тапты. Ал сейсенбі күні Ирақтың солтүстігінде көтерілісшілердің тосын шабуылынан 3 АҚШ жауынгері оққа ұшып, тағы екеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG