Accessibility links

Дж.Буш: “Иран – бүкіл әлемге төнген қатер болып қалды” деп мәлімдеді


ВЕНА-ВАШИНГТОН: Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры М.Әл-Баради мәлімдегендей, Иранның ядролық бағдарламасы туралы АҚШ-тың барлау қызметінің таяуда жариялаған тың мәліметі “бар проблеманы шешуге жаңа мүмкіндік береді”. Осы аптада Американың ұлттық барлау агенттігі өзінің ядролық қару жасау бағдарламасынан Иранның осыдан 4 жыл бұрын-ақ бас тартқанын хабарлады. Соған қарамастан, сәрсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш тағы да: “Иран – бүкіл әлемге төнген қатер болып қалды”, - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG