Accessibility links

2008-інші жылдың соңына қарай Палестина мемлекетінің құрылуы әбден мүмкін


ПАРИЖ: Таяу Шығыс бойынша арнаулы өкіл Т.Блэр 2008-інші жылдың соңына қарай Палестина автономиясының “мемлекеттік мәртебесі туралы” келісімге келуге болады деп мәлімдеді. Бірақ оның пікірінше, толыққанды мемлекет құру үшін одан әлдеқайда ұзақ уақыт керек. Израиль премьері Э.Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас АҚШ-тың Аннаполис қаласында өткен аптада 2008-інші жылдың соңына дейін бейбіт келісімнің мәтінін әзірлеп болуға уағдаласты. Ол құжатта Палестина мемлекетін құру мәселесі де қарастырылады.
XS
SM
MD
LG