Accessibility links

Батыс елдері Иранды қысымға алуын жалғастыра бермекші


БРЮССЕЛЬ: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Иранға қарсы қысымды жалғастыра беруге ресми Париж бен Берлинді көндірді. Райс ханым уран шикізатын байыту жұмыстарын доғарудан бас тартқан Иранға халықаралық қысым көрсете беруге көндіру мақсатында Еуроодақ және Ресей шенеунекерімен келіссөз өткізу үшін Брюссельде жүр. Ал кеше Парижде Франция президенті Н.Саркози мен Германия канцлері А.Меркель бірауыздан: “Иран - әлемге төнген қатер болып қалды”, - деп мәлімдеді. Францұз бен неміс лидерлерінің бұл мәлімдемесі - Иранның ядролық қару жасау бағдарламасынан 4 жыл бұрын бас тартқаны туралы АҚШ-тың барлау қызметінің таяудағы баяндамасымен тығыз байланысты болса керек.
XS
SM
MD
LG