Accessibility links

Үкімет басшысы К.Мәсімов ‘Қашаған‘ мұнай жобасына қатысты мәселенің жақын күндері реттелетіндігін мәлімдеді

  • Досан БАЙМОЛДА

3 айдан астам уақыттан бері ‘Қашаған‘ мұнай жобасына қатысты Қазақстан үкіметі мен жобаға қатысушы батыс мұнай компаниялары арасында келіссөздің жүріліп жатқандығы мәлім. Қарашаның 30-ы күні аяқталады деген келіссөз тағы жалғасып, желтоқсанның 20 дейін екі жақ бір шешімге келгелі отырған сыңайлы.

Бұл даулы мәселе биыл жазда осы жобаның операторы саналатын ‘Eni` концорсиумы тарапынан Қашаған мұнай кенішінен мұнай өндіруді контрактіде көрсетілген 2008-ші жылдан емес 2010 жылдан бастамақ ойда екендіктерін ал осыған қатысты жоба құнының алғашқыдағы 57 миллиард доллар емес 136 миллиард долларға өскелі отырғандығын мәлімдегеннен кейін туындаған болатын. Кәрім Мәсімов басқарған Қазақстан үкіметі ‘Eni‘ бастаған батыстың мұнай компанияларына қатаң талап қойып, егерде Қашаған жобасын іске асырушы компаниялар контрактіде көрсетілген мерзімді кейін шегіндірген жағдайда онда Қазақстан жағына миллиардтаған доллардың төлемін төлейтіндіктерін тіптен үкімет батыс мұнай кампанияларымен арадағы контрактіні қайта қарауға дейін баратындықтарын қатаң түрде айтқан еді.

Бұдан соң үкімет жобаға қатысушы мұнай компанияларымен келсіөздер өткізе бастады. Қазақстан үкіметінің осы келіссөздер барысында ұсынған бір ұсынысы ол Қашаған жобасын игерудегі Ұлттық ‘ҚазМұнайГаз‘ компаниясының қәзіргі 8,33 проценттік үлесін жобаға қатысушы ‘Eni‘, ‘Total‘, ‘ExxonMobil‘ және ‘RD/Shell` компаниялары секілді 18,52 проценттік үлеске жеткізу яғни сол деңгейге көтеруді ұсыныс еткен болатын. Алайда келіссөздер басталған кезде бір өзі алғашқы болып осы ұсынысты қолдаған американдық ‘ExxonMobil‘ енді бұдан бас тартып отыр да ал қалған батыс компаниялары Қазақстан ұснысымен өздерінің келісетіндіктерін білдірген.

Саясаттанушы Досым Сатпаев бұл жағдайға қатысты 1990-шы жылдардағыдай емес Қазақстан үкіметі енді мұнай мәселесінде батыс компанияларымен өзінің мүддесі тұрғысынан қатаң сөйлесетін болғандығын айтады. Бұны байқаған батыс компаниялары да мәселені түпкілікті шешудің орнына түрлі ‘ойындарға‘ баратын болды дейді ол.

Ал экономист маман Қанат Берентаев Қазақстан үкіметінің биылғы жылы 65 миллион тонна мұнай өндіруді одан кейінгі жылдары бұны 115-120 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарының дұрыс еместігін айтса ал саясаткер Әміржан Қосанов қәзіргі мұнай бағасының шарықтап тұрған кезінде көп мұнай өндіріп оны экспортқа шығаруды азайтқан жөн, келер ұрпақ еншісін естен шығармауымыз керек деген пікір білдіреді.

‘Рейтер‘ агенттігі ‘Eni‘ басқарған концорсиумының Қашаған мұнай кенішінен мұнай өндіруді 2008 жылы бастамай 2010 жылға қалдырғаны үшін Қазақстан жағына төлейтін төлем мөлшерінің 7 миллиард доллар шамасында екендігін хабарлады. Ал Қазақстан үкіметінің басышысы К.Мәсімов осыдан бұрын егерде батыс компаниялар бұл төлемді төлегілері келмесе онда үкімет халықаралық арбитраждық сотқа дейін шағымданатындықтарын жеткізген болатын. Енді міне К.Мәсімов ‘Қашаған‘ жобасына қатысты батыс компанияларымен арадағы келіспеушіліктердің жақын күндері реттеліп қалатындығына өзінің сенімде екендігін білдіріп отыр. Сондай-ақ ол екі жақ арасындағы контрактілердің өзгермейтіндігіне үкімет кепіл бола алады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG