Accessibility links

НАТО мен Ауғанстан күштері бірлескен операциялар өткізуде


Осы жылдың бас кезінде ислам көтерілісшілері басып алған Ауғанстанның оңтүстігіндегі қаланы қайта бақылауларына алу үшін НАТО, ауған жасақтары тікұшақтардың қолдауымен әскери қимылдарға көшті. Ауғанстан қорғаныс министрінің өкілі Захир Азими Муса қала қоршауға алынып, әуе шабуылдары жүргізілуде деп айтқан. Бірнеше күннен бері күтілген бұл әскери операцияның басқа деректері әзірге белгілі бола қоймаған. Муса қаланы талибандар биыл ақпан айында Британия әскерлері бұл қаладан кеткен соң басып алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG