Халықаралық арағайындар - Ресей, АҚШ және Евродақ төрт ай бойына жүргізілген келіссөздерден кейін, Косово албандары мен Сербия арасында ортақ мәмлеге қол жетпегендігін атап көрсеткен баяндамаларын БҰҰ-на жолдады. Приштина Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алуын талап етуде. Белград болса бұл аймаққа тек кеңейтілген автономия ұсынады. Косово албандары біржақты тәуелсіздік жариялайтындықтарын бірнеше рет мәлімдеген болатын. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин келіссөздерді тағы жалғастыруды ұсынды. Сербияның Косово аймағында НАТО-ның 16 мыңдай бітімгершілік күштері орналасқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?