Accessibility links

АҚШ-та видеотаспаға қатысты жанжал жалғасуда


АҚШ-та терроризмге қатысы бар деп күдіктелгендерден жауап алу кезіндегі видео таспаның жойылып жіберілуіне қатысты тергеу-тексеру басталды. Әділет министрлігінің мәлімдемесінде кеңейтілген жан-жақты тергеу-зерттеу жүргізуге қаншалықты негіз бар деген мәселені алдымен анықтау қажет деп жазылған. Мұның алдында Орталық барлау басқармасының басшысы Майкл Хайден сөз болып отырған видео таспаның 2005 жылы жойылғандығын айтып, онда сұралғандарға қинау-азаптау әрекеттері қолданған болуы керек деген мәлімдеулерді жоққа шығарған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG