Accessibility links

АҚШ пен Ресейдің зымырандық қорғаныс сарапшылары кездесіп, талқылаулар өткізеді


АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда Будапеште американдық және ресейлік жоғары дәрежелі зымыран сарапшылары бас қосатын болады. Өткен айда Вашингтон АҚШ-тың зымырандық жоспары ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деген Мәскеудің алаңдаушылығын жеңілдетуге қатысты талқылаулар өткізуге уәде берген болатын. АҚШ Иран мен Солтүстік Корея сияқты елдерден қорғану мақсатында Европада, атап айтқанда Польша мен Чехия республикасында зымыраннан қорғаныс жүйесін - радар бекетін орнатқысы келеді.
XS
SM
MD
LG