Accessibility links

Евродақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавер Солана Косовода тұрақтылық болады дейді


Косово мәртебесі турасындағы келіссөздерге берілген шектеулі мерзім аяқталғанымен, бұл аймақта қандай да бір қақтығыстар орын ала қоймайды деп атап көрсеткен Хавер Солана германиялық газетке берген сұхбатында. Евродақ жетекшісі сербтер де, этникалық албандар да аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіргісі келмейді деп атап көрсеткен. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай халықаралық арағайын үштіктің қатысуымен төрт айға жалғасқан келіссөздерде Косовоның болашақ мәртебесіне байланысты Приштина мен Белград арасында ортақ ұйғарымға қол жетпеген болатын.
XS
SM
MD
LG