Accessibility links

БҰҰ-ның ядролық инспекторлары Техранға барды


БҰҰ-ның инспекторлар командасы Техранға Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа қатысты келіссөздердің жаңа айналымын бастау мақсатымен барған. Венадағы Халыаралық атом энергиясы агенттігі Иран жаңалықтар агенттігіне аталған команданың Иранда үш күн болатындығын айтқан. Иран мен Халықаралық атом қуаты агенттігі тамыз айында ядролық қимыл-әрекеттер бойынша бірқатар сауалдарға Техранмен бірлесіп жауап іздеуге келіскен болатын. Өткен айдағы Халықаралық атом қуаты агенттігінің Техранға қатысты жариялаған баяндамасында кейбір мәселеде алға жылжушылық болғанымен, кейбір мәселеде ынтымақтастық болмай тұр деген сыңайда жазылған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG