Accessibility links

БҰҰ инспекторлары Иранға келді


Ядролық мәселе бойынша халықаралық инспекторлар Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысқа қатысты жаңа келіссөз жүргізу үшін Теһранға келді. Венада орналасқан атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігіндегі Иран елшісінің хабарлауынша, БҰҰ тобы Иранда 3 күн болады. Тамыз айында ресми Теһран мен МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық әрекеттеріне қатысты маңызды сұрақтарға жауап беру мерзімі бойынша келісім жасаған болатын. Ал өткен айда МАГАТЭ агенттігі Иранның бұл мәселеде алғабасушылық жасауына қатысты аралас баяндама әзірлеген еді. Оған сәйкес, Иран халықаралық агенттікпен барлық сауалдарға қатысты емес, тек кей мәселелерге байланысты ғана ынтымақтастық жасаған.
XS
SM
MD
LG