Accessibility links

Косовоның тәуелсіздік жариялауының заңдылығын Гаага трибуналы саралауы мүмкін


БЕЛГРАД: Сербия Косово өлкесінің өз бетінше тәуелсіздігін жариялауының заңдылығы мәселесін Гаагадағы Халықаралық трибунал шешуге тиіс деп есептейді. Өткен дүйсенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде серб президенті Б.Тадич осындай сауалмен Халықаралық сотқа БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі жүгіне алар еді деген ұсыныс жасады. Ал Приштинада косоволық албандардың ресми өкілі өлке өзінің Сербиядан тәуелсіздігін сәуір айынан кешікпей жариялайды деп мәлімдеді. Бұл екі мәлімдеме де 10-ыншы жетолқсанда БҰҰ-ының Косовоның мәртебесі бойынша Белград пен Приштинаның өзара ымыраға келуіне берген мерзімінің аяқталуына байланысты туып отыр.
XS
SM
MD
LG