Accessibility links

Ю.Тимошенконың екінші рет премьер-министр болуына 1-ақ дауыс жетпей қалды


КИЕВ: Бүгін Украина парламенті Ю.Тимошенконың екінші рет премьер-министр болып тағайындалуын мақұлдамады. Оның кандидатурасын 450 депутаттан тұратын Жоғарғы Раданың 225 депутаты қолдап, мақұлдауға 1-ақ дауыс жетпей қалды. Тимошенконың үзеңгілестері оған дауыс беру жүйесіндегі ақаулық себеп болды деп айыптады. Парламент спикері А.Яценюк депутаттар үзіліске шықпай тұрып қайта дауыс беруге шақырды. Бірақ қашан дауыс берілетіні белгісіз. Президент В.Ющенко Ю.Тимошенконы “қызғылт-сары коалиция” ыдырағаннан кейін осыдан 3 жыл бұрын үкімет басынан босатқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG