Accessibility links

Алжирдағы шабуылдарды “Әл-Қаида” ұйымдастырған


Алжир астанасында орын алған екі жарылысқа байланысты жауапкершілікті “Әл-Қаида” ұйымының Солтүстік Африкадағы бөлімшесі өз мойынына алды. Алжирда кеше болған жарылыстардан БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен босқындар жөніндегі агенттігінің кеңселері қиратылған тұғын. Аталған топ Интернеттегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде ол жанкештілік шабуылдарды біздің мүшелеріміз жүзеге асырды деген. Ресмилердің айтуынша, жарылыс салдарынан кемінде 26 адам құрбан болған, олардың арасында БҰҰ-ның қызметкерлері мен мектеп оқушылары бар. Алайда ауруханалардағы бұлақтар 60-тан астам адам қаза тапты дейді. Халықаралық қауымдастық Алжирдағы шабуылдарды айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG