Accessibility links

Ресей Польшадан келетін ет экспортына салынған тиымды алып тастады


Ресей министрі Евродақ пен Ресей келісімдеріне кедергі болған Польшадан тасымалданатын ет өнімдеріне байланысты ортақ мәмлеге қол жеткізді деп хабарлаған. Бұл жөнінде Ресейдің ауылшаруашылық министрі Алексей Гордеев польшалық әріптесімен өткізілген келіссөздерден кейін журналистер алдында мәлімдеген. Бұл хабар бірден Польша тарабынан расталмаған. Ресей денсаулық жағдайларына сілтеме жасай отырып, Польшадан экспортталатын ет өнімдеріне 2005 жылы тиым салған болатын.
XS
SM
MD
LG