Сербияның Косово өлкесінің болашағына қатысты көбірек келіссөз өткізу керек деген Ресей ұсынысын Батыс елдері қабылдамады. Бұл ұсынысты Ресей кеше жасаған болатын. Ал дүйсенбі күні Косово тәуелсіз болу керек әлде автономиялық аймақ болуы тиіс пе деген мәселеге қатысты ресми Белград пен Приштина арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталған еді. Халқының басым бөлігін этникалық албандар құрайтын Косово тәуелсіздік жөнінде біржақты жариялаймыз деп уәде етті. Сербия мен оның одақтасы Ресей Косовоға тәуелсіздік беруге қарсы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?