Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Ливандағы шабуылды айыптады


Ливан астанасында орын алған жарылыстан төрт адам құрбан болды, оның біреуі Армия генералы. Бейруттың шығыс жағындағы бұл жарылысты жасаушылар генерал Франсуа әл-Хаджды нысанаға алып, оны өлтірген. Хабарларға қарағанда, биліктегі коалиция мен оппозиция елдің жаңа президенті етіп сайлауға келіскен генерал Мишел Сулейманның орнына әл-Хадж Армия қолбасшылығы міндетін өз қолына алуы тиіс болатын. Полицияның мәліметтері бойынша, жарылғыш заттар генерал мінген көліктің астына қойылған көрінеді. Халықаралық қауымдастық бұл шабуылды айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG