Accessibility links

Ирақтағы үш жарылыстан кемінде 40 адам құрбан болды


Ирақ полициясының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Амара қаласында болған үш жарылыстан кемінде 40 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алған. Бұл шабуылдар Британияның аймақтағы қауіпсіздікке байланысты жауапкершілікті Ирақ күштеріне тапсыруына бірнеше күн қалғанда орын алып отыр. АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз-хатшысы Гордон Джондро бұл шабуылдарды бостандықтың жаулары іске асырды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG