Accessibility links

Өзбек жазушысы әрі үкімет сыншысы Юсуф Жұма жоғалып кетті


Осыдан бір апта бұрын Бухара әкімшілігінің алдында наразылық акциясын өткізген Өзбек жазушысы әрі үкімет сыншысы Юсуф Жұма із-түссіз жоғалып кетті. Желтоқсанның 10-ы күні полиция Юсуф Жұманы қамауға алуға тырысқан болатын. Себебі ол өз отбасы мүшелерімен бірге президент Ислам Каримовқа қарсы шеру өткізген-тұғын. Полицияның мәлімдеуінше, Юсуф Жұма мен оның отбасы полицияны ренжітетін үндеулер айтқан, сөйтіп олар машинамен қашып кетуге әрекет жасағанда бір полиция қызметкерін соғып кеткен. Юсуф Жұмаға енді құқық орындары қызметкерлерінің ар-ожданына нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG