Accessibility links

НАТО-ның Бас хатшысы Ресейді көндіруге деген үмітін әлі жоғалтпады


ТОКИО: НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы Келісімді орындауға Ресейді қайтсем де көндіремін деген үмітін әлі жоғалтқан жоқ. Таяуда Ресей осы Келісімнің 1999-ыншы жылы түзетілген нұсқасын өзінен басқа оған қол қойған бірде-бір елдің бекітпегенін уәжге келтіріп, оны орындауды уақытша доғарды. Схеффер Мәскеудің бұл шешімін “өкінішті” деп бағалап, Келісімге қол қойған өзге барлық ел Ресейге түсіністікпен қарады және енді Ресейдің де солай істеуіне үміт артады.
XS
SM
MD
LG