Accessibility links

Ю.Тимошенко - Украинаның премьер-министрі болып бүгін бекітілуі мүмкін


КИЕВ: Бүгін Украинаның Жоғарғы Радасы Ю.Тимошенконың премьер-министр болып тағайындалуын тағы да дауысқа салуға тиіс. Өткен сейсенбі күні оны үкімет басына бекітуге қатарынан 2 рет 1-ақ дауыстың жетпей қалуынан кейін, “қызғылт-сары коалиция” Аймақтар партиясын дауыс беру жүйесін істен шығарды деп айыптады. Сарапшылар дауыс беру жүйесіне сырттан әсер етуге болмайды деп есептейді, бірақ техникалық қызметкерлердің дауыс беретін карталарға бөгет қоюының да мүмкін екенін жоққа шығармайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG