Accessibility links

Ресей 2030-ыншы жылға қарай жаңа соғыс зымыранымен жарақтанады


МӘСКЕУ: Ресейдің әскери теңіз флоты бүгін жаңа құрлықаралық баллистикалық соғыс зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады. Әскери флот өкілінің хабарлауынша, “Синева” деп аталатын зымыран Баренц теңізіндегі атомдық сүңгуір қайықтан ұшырылып, Камчатка түбегіндегі нысанды жойды. “Синева” зымыраны – құрлықаралық баллистикалық зымырандардың “үшінші ұрпағы” болып табылады. Ресейдің стратегиялық ядролық күштерін 2030-ыншы жылға қарай толығымен осындай зымырандармен жарақтау жоспарланып отыр.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG