Accessibility links

Ресей Иранға байытылған уран отынын жөнелте бастады


МӘСКЕУ-ТЕҺРАН: Бүгін Ресейдің “АтомСтройЭкспорт” компаниясы Иранның Бушеріндегі атом-электр стансасына қажетті ядролық отынды жөнелте бастағанын хабарлады. Бірінші партиямен Иранға байытылған уранның 163 негізгі және 17 қор отын элементін жөнелту көзделіп отыр. Оған 2 айдай уақыт керек. Ресейдің сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, уран отынын жеткізу процесін атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі қадағалайтын болады. Сонымен қатар ресми Мәскеу қадап айтқандай, Иранда қолданыстан шығарылған уран қайта өңдеу мен сақтау үшін Ресейге қайтарылады.
XS
SM
MD
LG