Accessibility links

Юлия Тимошенко - тағы да Украина премьер-министрі болды


Парламент Тимошенконың кандидатурасын мақұлдап, батысшыл үкіметті жасақтады. Украина парламентіндегі 450 орынның 226-да қызғылт-сары коалицияның депутаттары, олардың барлығы да Тимошенконы қолдап дауыс берген. Оппозиция болса дауыс беруге қатысқан жоқ. Европа комиссиясы Тимошенконы құттықтап, оның кабинетімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге әзір екенін айтты. Юлия Тимошенконы үкімет басшылығы қызметінен осыдан үш жыл бұрын президент Виктор Ющенко босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG