Accessibility links

Қырғызстан Жоғарғы соты дау тудырып келген сайлау талабының күшін жойды


Кеше Қырғызстан Жоғарғы Соты сайлауға қатысқан барлық саяси партиялар әрбір аймақтағы сайлаушының кем дегенде жарты процент даусына ие болуы керек деген талапты жарамсыз деп тапты. Өткен жексенбі күні Қырғызстанда парламенттік сайлаулар өткен болатын. Сайлаудың бастапқы қорытындысына бойынша 12 партияның ішінде президенттің «Ақ жол» партиясының ғана бұл межеден өткендігі белгілі болған. Жоғарғы соттың шешімінен кейін Атамекен және Социал-демократиялық партиялары да парламентте бірқатар орынға қол жеткізуі мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG