Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ирақтағы АҚШ бастаған шетелдік күштер мандатын тағы бір жылға ұзартты


Бұл үдеріс ресми Бағдаттың “ең соңғы рет” деп жасаған өтініші бойынша жүзеге асып отыр. “Қажеттілік болмаған жағдайда шетелдік күштердің Ирақ жерінде бір күнге де артық тұруын Ирақ үкіметінің ресмилері де, бірде-бір Ирақ азаматы да қаламайды”,-деді Ирақтың БҰҰ-дағы елшісі Хамид әл-Баяти. АҚШ әскерлері 2008-ші жылдан кейін де Ирақта тұра береді, деп күтілуде. Ол кезде БҰҰ-ның жаңа мандаты қажет болады.
XS
SM
MD
LG