Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Грузияның өрескел әрекетіне енді ғана назар аударды


НЬЮ-ЙОРК/БРЮССЕЛЬ: Адам құқын қорғайтын халықаралық ұйым Грузин оппозициясының өткен айдағы наразылық шеруін қуып тарату үшін шектен тыс күш қолданды және елдегі тәуелсіз “Имеди” телекомпаниясын негізсіз жапты деп Грузия үкіметін айыптайды. Нью-Йоркте орналасқан “Хьюман райтс уотч” ұйымының Еуропа мен Орта Азия бойынша директоры Холли Картнер оппозицияның ереуілін 7-қараша күні аяусыз қуып таратқан грузин билігі “асыра сілтеді” деп мәлімдеді. Сондай-ақ бүгін Брюссельдегі Халықаралық дағдарыс ұйымы да ресми Тбилисиді “авторитарлық билікке ауып барады” деп айыптады. 2 ұйым да Батыс елдерін Грузиядан демократиялық реформаларды іске асыруын талап етуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG