Accessibility links

Мәскеуде АҚШ пен Брюссельдің көңілдерін бұзатын келісімге қол қойылды


МӘСКЕУ: Бүгін Мәскеуде Қазақстан мен Ресей президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин Каспий жағалауымен газ құбырын тарту жөніндегі Қазақстан мен Ресей және Түркіменстан үкіметтерінің арасындағы 3 жақты келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Осы рәсімнен кейін қазақ лидерімен бірге өткізген баспасөз-маслихатында В.Путин: “Осындай жаңа энергетика жолын тарту – біздің әріптестерімізге ұзақ уақыт бойы мол газды жеткізіп тұруға мүмкіндік береді және Еуропаның қауіпсіздігін нығайтуға деген біздің елдеріміздің жаңа қомақты үлесі болады”, - деп мәлімдеді. Бұл келісім Каспийден Ресейді айналып өтетін құбыр тартуды көздеген АҚШ пен Еуроодақтың көңілдерін бұзу мүмкін.
XS
SM
MD
LG