Accessibility links

Ресей Косовоның тәуелсіз болуына қарсы


Сербияның даулы Косово аймағына тәуелсіздік берілуі керек деген кез келген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әрекетіне Ресей вето қояды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров “Время новостей” басылымының бүгінгі санында мәлімдеген. Сербияны қолдайтын Мәскеу Косовоға тәуелсіздік емес автономия берілу керек дейді. Ал халқының басым бөлігін этникалық албандар құрайтын Косово аймағы тәуелсіздікке қол жеткізгісі келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG