Accessibility links

Беларусте оппозиция белсендісі түрмеге жабылды


Хабарларға қарағанда, Беларус еліндегі оппозиция белсендісі 1.5 жылға түрмеге жабылды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Жастар майданы ұйымының жетекшісі Артур Финкевич бұдан бұрын өзіне шығарылған жазаны бұзды деп айыпталып бас бостандығынан айырылған. Сот елдің шығысындағы Могилев қаласында өткен. Басында Финкевичке президент Александр Лукашенконы сынайтын сурет салды деген айып тағылған болатын. Белсенділер Артур Финкевичті Беларус режимінің саяси тұтқыны деп сипаттап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG