Accessibility links

АҚШ Қырғызстанда өткен парламенттік сайлауларға байланысты өз алаңдаушылығын білдірді


АҚШ-тың айтуынша желтоқсанның 16-да болған сайлауда заңбұзушылықтар орын алған. Қырғызстан ресмилерінің мәлімдеуінше, негізгі оппозициялық партия 8 пайыздан көбірек дауысқа ие болған, бірақ парламенттегі орынға қол жеткізе алмаған. Президент Құрманбек Бәкиевтің Ақ Жол партиясы парламенттегі 90 орынның 71 иеленді. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз-хатшысы Шон МакКормактың мәлімдеуінше, сайлау демократиялық стандарттарға сай келмеген. Хабарларға қарағанда, Қырғыз полициясы сайлаудың соңғы қорытындысына наразылық танытқан бірнеше оппозиция қолдаушысын тұтқындаған.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG