Accessibility links

Биыл Меккедегі қажылық төтенше оқиғасыз аяқталды


МЕККЕ: Бүгін Сауд Арабиясының бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Мекке қаласындағы жыл сайынғы қажылық аяқталды. Ресми мәліметке қарағанда, қажылықты 181 мемлекеттен келген 2.5 млн.-ға жуық мұсылман өтті. Бұл жолы пәлендей төтенше оқиғасыз болды. Осыған дейінгі жылдары қажылық барысында не өрт шықты, не тағы басқа қайғылы оқиға болды. Өткен жылы дүрліккен жұрттың бір-бірін басып-жаншуы салдарынан 360-тан астам діндәр мерт болды. Өткен жұма күні Саудия үкіметі хажылық кезінде қастандық ұйымдастыруға әзірленген экстремистердің тобын қолға түсіргенін хабарлады. Олар “Әл-Қаида” тобымен байланыста болған көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG