Accessibility links

Тайландта экс-премьерді қолдайтын партия парламентте басым дауысқа ие болды


БАНГКОК: Тайландтағы парламент сайлауында өткен жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде үкімет басынан түсірілген премьер-министр Таксин Шинаватраны қолдайтын партия жеңіске жетті. Дауыс беріп шыққан сайлаушылардың арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысына қарағанда, Халық билігі партиясы парламентте басым көпшілік дауысқа ие болады. Әскери төңкерісті ұйымдастырған генерал Сонтхи Шинаватраны қолдайтын партияның жеңіске жете қоюы Тайландтағы саяси ахуалды бұзбайды деп мәлімдеп үлгерді. Сайлаудың бейресми нәтижесі кешке қарай мәлім болады.
XS
SM
MD
LG